Құттықтау

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры 12 мамыр – халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтады.

 

«Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері елімізде жыл сайын 12 мамырда мейірбикелер күні ресми түрде аталып өтеді. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында жаралы жауынгерлерге шұғыл медициналық көмек көрсеткен мейірбикелер мен фельдшерлер қатары аз болған жоқ.

Сондықтан дәрігердің қызметі медбикенің біліміне, өз ісіне деген ынта-жігеріне, шыдамдылығына, біліктілігіне байланысты. Олар қай кезде де жеке басының мәселесін емес, науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қояды.

Сіздерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғысым шексіз. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін!» деді.