Президент дәрігерлерге қолдау танытты

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры Олжаев  Саяхат Таурбекұлы:

«Әлемде медицина саласы күн санап дамып келеді. Алайда әлемдік пандемия медицина ғылымын баса назарда ұстау керектігін көрсетті.  Президент Қ. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында «Дәрігерлердің айлығы 2023 жылға дейін орташа жалақыдан екі жарым есеге артық болуы керек. Алдағы 5 жылда медициналық мекемелер қажетті техникамен 100 пайыз қамтылады,-деді.  Бұл шешім  медицина саласына жаңа кадрларды тартуға соның ішінде ауыл аймақтардағы медицина мамандарының тапшылығын жоюға және қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесетіні сөзсіз. Демек, медициналық мекемелер барлық қажетті техникамен қамтамасыз етілсе, науқастың диагнозын анықтауда, нақты шешім қабылдауда мүмкіндіктер артады. Мысалы, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада 2018 жылы қатерлі ісікті ерте анықтау орталығы іске қосылған болатын. Бұл орталық облыс орталығынан алыс орналасқан 13 медициналық мекемені цифрлық жүйе арқылы біріктіреді. Яғни, ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар дәрігерлердің жалақысы көбейіп, материалдық жағдайының жақсаруы жалпы денсаулық сақтау жүйесінің  дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. 

Сонымен қатар президент дәрігерлік қателік үшін қолданыстағы жазаны қылмыстық іс санатынан алып тастауға ұсыныс жасады. Бұл дәрігерлердің жұмысына жауапкершікпен қарап, бар ынта-жігерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Медицина саласындағы мамандардың тапшылығын ескерсек, бұл қадам жас буынның осы салаға бет бұруына септігін тигізеді».