Пандемия кезінде науқастарға медициналық көмек көрсету тоқтатылған жоқ

Ана мен бала денсаулығы медицина саласыныңең ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Халқымыздың болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні бұл ана мен баланың денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты. Осыган байланысты 2008 жылдан бастап елімізде қатерлі ісіктің алдын алу үшін скрининг бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама арқылы тегін үш сырқаттын алдын алуға болады, ол – сүт безі,жатыр мойны және тік- тоқ ішек қатерлі ісіктері. Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 25- ші желтоқсанында шыққан № 995 бүйрығы бойынша, осы скринингтен өтетін нысаналы топқа жататын тұрғындардың санын арттырып, мемлекет тарапынан қосымша қаражат бөлінді. Ол үшін әр адам тұрғылықты мекен–жайы бойынша емхана барып, скриниг тестен өте алады.

1) Сүт безі қатерлі ісігі скрининг 40 пен 70 жас аралығы, (2 жыл)

2) Тік- тоқ ішек қатерлі ісігі 50 ден 70 жа аралығы (2 жыл)

3) Жатыр мойны қатерлі ісігі 30 дан 70 жас аралығы (4 жыл)

Статистикаға бойынша республикада қазіргі таңда қатерлі ісік сырқаты бойынша 186326 науқас диспансерлік есепке тұр. 2019 жылы алгаш рет 36272 есепке алынды, оның ішінде әйел азаматтарының: Сүт безі қатерлі ісігі сырқатымен 39648 есепте тұр, ал алғаш рет 4955есепке алынды, Жатыр мойнынн қатерлі ісігі бойынша 14242, оның 1797 науқас алғаш рет анықталды. Ал 11271 науқас жатырдың қатерлі ісігі бойынша тіркелііп, оның ішінде 1189 адам алғаш рет есепке алынды. Аналық безінің қатерлі ісігі бойынша бүгінгі танда республика бойынша 6917 науқас, алгаш рет 1146 науқас есепке алынды. Ал тік ішектің қатерлі ісігі бойынша 15294 науқас, оның 3329 алғаш есепке алынды, осы науқастар арнайы мамадандырылған ем алуда. Бүгінгі танда біздін Алматы аймақтық көп салалы клиникада қатерлі ісікпен 8926 нақас диспансерлік есепте тұр, 2018 жылға қарағанда (8473) 453 науқасқа көп.

Әрбір секунд сайын жер шарының барлық бұрышында біреу қатерлі ісік сияқты аурудан өледі. Тажал оғына айналып талайдың тағдырын талқан еткен кесел – қатерлі ісікке шалдыққандар саны әлемде жыл санап артып барады. Бұл мәселеге біздің еліміз де алаңдаушылық білдіруде. Қатерлі дерттің дер кезінде анықталып, алдын алу үшін шаралар жасалғанмен, аурудың жасарып бара жатқандығы да ащы шындық. Бұл ауру кейінгі жылдары балаларда да көптеп кездеседі. Ал 40 жастан кейін ісікке шалдығу бейімдігі

күшейе түседі. Осылардың ішінде 60 % - еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Статистикалық мәлімет бойынша біздін елде әйелдер арасында ең көп көзедесін түрлері: - сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында, екінші орында жатыр мойны қатерлі ісігі, үшінші орында жатыр рагы, төртінші орында аналық безінің қатерлі ісігі. Сосын асқазан, тік ішек тағы басқа қатерлі ісігі сырқаттары кездеседі. 2019жылы осы қатерлы ісіктен 14069 науқас кайтыс болды.

 

Қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдар инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары. Демек, бұл пациенттерде COVID-19 ауыр түрде өту қаупі жоғары болады Сондықтан салауатты өмір салты ережелері ұстау қажет. Қатерлі ісікке шалдыққан адамға қалыпты жаттығу жасау, серуендеу, дәруменер ішу өте маңызды.

Пандемия кезінде науқастар емін жоспарлы түрде алуда. Қазақстан бойынша осы дертті емдеу мақсатында бірыңғай клиникалық диагностикалау мен емдеу хаттамасы бар. Соған сай сырқаттың түрі мен сатысына, қарсы көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі емдеу тәсілдері қолданылуда: хирургиялык ем, химия терапиялық және сәулелі терпия қолданылады. Осы емдеу тәсілдерін науқастар жоспарлы түрде алып жатыр.

Алматы аймақтық көпсалалы клиника директорының орынбасары Рәш Шәріпбайқызы Шалбаева