Бүгін Қазақ радиосының "Денсаулық" бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онколог дәрігері Талипов Мұхтар Әмірханұлы сұхбат берді. Дәрігер коронавирус инфекциясының онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға әсері, одан сақтану жолдары туралы айтты. Сонымен қатар аталған клиника пандемия кезінде науқастарды карантин талаптарын сақтай отырып қабылдауын жалғастыра беретінін ескертті.
- Қазір науқас адамдарға коронавирус инфекциясы екі есе қауіпті болып тұр. Өйткені, жұқпалы аурудың барлық түрі ең алдымен иммунитеті төмен адамға үйірсек келеді. Ал бұндай кезде науқастың ағзасы коронавируспен күресуге тіптен қабілетсіз. Сондықтан сақтық шарасын қатаң ұстау керек,- дейді дәрігер.
Алайда Мұхтар Әмірханұлының айтуынша, қатерлі ісік – адам өміріне қауіпті болғанымен, бұл ажал үкімі емес. Науқастар осыны есте сақтауы керек. Дерттің алғашқы кезеңінде дәрігерге қаралып, асқындырмай ем алған адамның құлан таза айғып кетуіне толық мүмкіндік бар.