Алматы аймақтық көпсалалы клиникада облыс тұрғындары үшін ашық есік күні өтті. Сүт безі обырымен күрес айлығы аясында өткен ашық есік күнінде 53 әйел дәрігерлер қабылдауында болды. Оның ішінде 5 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталып, толыққанды тексеруге жолдама берілді. Сонымен қатар Алматы облысының Ұйғыр аудандық ауруханасы мен Қарасай аудандық ауруханасында сүт безі обырының алдын алу мақсатында ашық есік күні өтті.
Әр адамның денсаулығы өз қолында екенін еске сала отырып, аталған клиникада өтіп тұратын ашық есік күніне келіп, тегін тексеруден өтіп тұруларыңызды сұраймыз.