2019 жылдың қараша айының 18 мен 28 күндері аралағында Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың дәрігерлері облыс тұрғындарын өкпе қатерлі дертінің алдын алу мақсатында өткізетін ашық есік күніне шақырады. Өкпе қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айына ыңғайластандырылған ашық есік күні 40 пен 70 жас аралығындағы Алматы облысының кез келген тұрғыны онкологтың тексеруінен өтуіне болады.
Клиниканың жетекші мамандары мен білікті онкологтары тегін кеңес берумен қатар, өкпеге тегін төмендозалы компьютерлік томография мен магниттік-резонанстық томография жүргізілетін болады.
Сонымен қатар темекі шегу әдетінен бас тартқысы келген адам психологтан кеңес ала алады.
Әлемде өкпе рагы өлімі бойынша 35 мемлекет көш бастап тұр. Өкпе рагын тудыратын негізгі фактор - шылым шегу. Сонымен қатар автокөліктер мен өндіріс кәсіпорындарынан шыққан улы газ қалдықтары да ауруды дамытуға септігін тигізіп отыр.