Клиникада ашық есік күні өтті

 


2020 жылдың 8 ақпан күні Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне орай қатерлі ісіктердің алдын алу және ерте сатысында анықтау мақсатында ашық есік күні өтті. Осыған орай 177 облыс тұрғыны онколог мамандардан тегін медициналық кеңес алып, тексеруден өтті. Оның ішінде 5 адамнан қатерлі ісік аурының белгілері анықталса, обырдың алғашқы сатысы анықталған 12 адам толық тексеруге жіберілді. Сонымен қатар онкологтар өзге де аурулар бойынша 83 адамды жекелеген мамандардың тексерілуінен өтуге кеңес берді.

 

Қатерлі ісік ауруының алдын алу жолдары:

·         Темекі өнімдерінен (түтінді-түтінсіз), қорқордан (кальян), алкогольден түбегейлі бас тарту;

·         Биологиялық нормаңыздан тыс салмақ қоспау;

·         Құрамында жеміс пен көкөніс бар тамақ жеу;

·         Инфекция жұқтыратын кез келген жыныстық қатынастан тыйылу;

·         Гепатиттен немесе канцерогендік инфекцияларға қарсы вакцинация қабылдау;

·         Таза ауада жиі сейілдеу;