Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары Ұйғыр ауданының тұрғындарын колоноскопиялық тексеруден өткізді. Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында жүргізілген тексеруден жасы 50-ден асқан тұрғындар өтеді. Өйткені стандартты зертханалық диагностика ішектің көптеген ауруларын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ағзада болатын кейбір маңызды патологиялық процестерді анықтау үшін колоноскопиялық тексеру жүргізу қажет. Колоноскопиялық тексеруден өткен Ұйғыр ауданының бірқатар тұрғындары клиниканың дәрігерлеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар тұрғындар маммолог,онкогинеколог және ультрадыбыстық зерттеу жасайтын мамандардың тексеруінен өтіп, кеңес алды.