Қатерлі дерттің алдын алу үшін ашық есік күні өтті

21 қазан - Дүниежүзілік әйелдерді сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi. Қазақстанда да бұл мәселе өзектi болып табылады. Осыған орай Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының мамандары қазан айының әр сенбісі күні қатерлі дерттің алдын алу үшін ашық есік күнін өткізді. 26 қазан күні скринингтен өткен 96 әйелдің 5-нен рак ауруының белгілері анықталды. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын сүт безі қатерлі дерті құрайды. Сүт безі обырынан сақтану шаралары: • Сүт және қалқанша бездегі, бауырдағы және жыныс мүшедегі созылмалы ауруларды уақытында емдеу. • Қант диабеті мен семіздікті болдырмау. • Өсімдік тағамдарын көбірек қолдану. Көкөнстерді,жеміс-жидектерді және витаминдерге бай тағамдарды пайдалану. • - маммографиялық тексеруден өту

Сүт безінің өзгерістері: • Сүт безінің немесе оның маңындағы тіндердің тығыздалуы • Сүт безі ұшының қатаюы, көлемінің өзгеріп, ұшының ішіне еніп кетуі • Сүт безінің терісі, ұшы және ареоласы қабыршақтанып, қызарып, ісіп кетеді.