Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінінің мамандары Балқаш ауданының тұрғындарын тексеруден өткізеді

19 ақпан 2019 жылы Алматы аймақтық онкологиялық  диспансерінінің дәрігерлері онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында Балқаш ауданына іс сапармен барады. Онколог, онкогинеколог, онкомамолог  және ультрадыбыстық зерттеу дәрігерінен құрылған топ Алматы қаласынан алыс орналасқан аудан тұрғындарына толыққанды тексеру жүргізуді көздеп отыр.

Аталған ауданның кейбір тұрғындары әлеуметтік жағдайының төмендігінен диспансерге келіп қаралу мүмкіндігі жоқ.  Сонымен қатар тіркелген емханасына барып  уақытылы срининг тесттен өте бермейді. Сондықтан аудан тұрғындары 19 ақпан күні Алматы аймақтық онкологиялық  диспансерінінің мамандарынан кеңес алып, тексеруден өтуіне толық мүмкіндік бар.