Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлының Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Құрметті облыс тұрғындары және әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолында  аянбай еңбек етті. Сонымен қатар медицина саласының сапалы әрі қолжетімді болуы үшін нақты жоспар ұсынды.  Қазіргі уақытта ұлттық скринингтік бағдарлама негізінде тұрғындар жыл сайын тегін скринингтен өтуге мүмкіндік алып отыр.  Сондай-ақ  алғашқы медициналық - санитариялық көмек деңгейінде әлеуметтік - психологиялық көмек қызметі құрылды. Сондықтан бүгінгі күн жалпы халық болып атап өтетін мерекеге айналды.

Сіздерді  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!