Алматы аймақтық көпсалалы клиникада карантинге байланысты жаңа ережелер енгізілді

 

 

 

        Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 16-тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Covid -19» коронавирусының таралуына байланысты бүкіл елде төтенше жағдай жариялады.

Қауіпсіздік шаралары аясында президент карантин енгізіп, ауқымды санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді тапсырды.
Осыған орай коронавирустың таралуын тоқтату және алдын алу мақсатында Алматы аймақтық көпсалалы клиникада жаңа ережелер енгізілді.


1. Төтенше жағдай кезінде
клиникаға бөгде адамдар  мен көліктің кіруіне тыйым салынды.

2.
Емделушінің туыстары тамақ пен жеке заттарды тек бақылау пунктіндегі клиниканың қызметкерлері арқылы бере алады. Қабылдау уақыты тәулігіне 1 рет сағат 16-19 аралығында жүргізіледі.

3. Ауруханаға жатар кезде жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері бар пациенттер фильтр арқылы өтеді
. Онда аурудың себептері, диагнозы анықталады. Сонымен қатар басқа пациенттермен байланыс болмауын қадағалайды.

4. Пациенттердің туыстары
емдеуші дәрігермен ұялы телефон арқылы немесе клиниканың  бақылау пунктіндегі телефон бойынша сағат 16-17 аралығында хабарлауына болады.

      5. Стационарлық емде жатқан пациенттерге темекі тартуға тыйым салынады.

      6. Клиника аумағында пациенттердің серуендеуіне сағат 19.00-ға дейін рұқсат етіледі. Оларға клиниканың аумағынан шығуға және басқа адамдармен байланыста болуына тыйым салынады.

      7. Емханаға мамандардың қабылдауына жазылған пациенттерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

      8. Бірге ілесіп келген адамдар карантин кезінде бақылау өткізу пунктінде күтетін болады.


Әр адамның денсаулығын коронавирустан сақтау үшін енгізілген жаңа ережелерге түсіністікпен қарауға шақырамыз!