9 ақпан күні Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше онкологиялық аурудың әрбір үшіншісінің алдын алуға болады. Сол себепті дүниежүзінде обырға қарсы күрес күніне орай онкүндік өтеді. Тұрғындар үшін ашық есік күні сенбі күнге ұйымдастырылды.

Алматы аймақтық онкологиялық диспансерінде өткен ашық есік күні 153 адам тексерілуден өтті. Олардың арасында 26 адамнан рак ауруының белгілері анықталған. Ал тексеруден өткен 87 адамнан басқа да ауру белгілері анықталып, дәрігерлер емделуге кеңес берді.