Бүгін Қазақ радиосының тікелей эфирінде Гүлбану Алпамысқызы жүргізетін "Денсаулық" бағдарламасында Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онкомаммолог дәрігері Айдаров Дәулет Есқожаұлы сұхбат берді. Онколог дәрігер көпшілікті толғандырып жүрген онкологиялық аурулардан қалай сақтануға болады, адамдардың онкологиялық сауаттылығын арттыру үшін не істеу керек, Қазақстанда ерте анықталған онкологиялық ауруларды емдеу жолы қандай және диагнозы анықталған адамдарға психологиялық тұрғыдан қандай көмек көрсетіледі деген сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар мектеп жасындағы қыз балаларға қатерлі дертке қарсы екпе жасату туралы әңгіме қозғалды.
Дәрігер аталған клиникада облыста қазіргі таңда белең алып тұрған өкпе, бауыр, жатыр мойны және емшек безінің қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында ашық есік күндері жиі өткізіліп тұратын айтып өтті. Облыс тұрғындары ашық есік күндері тегін скринингтен өтеді.